Ұлытау облысында жантүршігерлік жол апатынан 5 адам қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 27 шілдеде сағат 15:20 шамасында Жезқазған-Қарағанды тасжолында болған.
«Toyota 30 автокөлігі мен жүк көлігі соқтығысты. Соның салдарынан Toyota-ның жүргізушісі мен 4 жолаушысы алған дене жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды», – делінген хабарламада.
Аталған дерек полицияда тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.
Полиция көлік жүргізушілерінің жолдағы сақтық шараларын естен шығармауды ескертеді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!