Сенбі, 11 қаңтар, 18:46

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№2-2115
11.01.2025
PDF мұрағаты

Жанжал кезінде полиция қызметкерін өлтіріп кеткен

11.01.2025

58 0

Фото: polisia.kz

Алматыдағы ауруханалардың бірінде пышақ жарақатын алған полиция қызметкері көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Қазір қызметтік тексеріс жүріп жатыр. 

Полиция қызметкері жанжал кезінде пышақ жарақатын алған. Аталған жағдай жұмыс уақытынан тыс кезде орын алған. 

Қазір күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. 

Журналист Михаил Козачковтың Telegram-арнасында тараған деректерге сүйенсек, оқиға “Пинта” барында орын алған. 1993 жылы туған полицей екі пышақ жарақатымен ауруханаға жеткізілген. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: