Жексенбі, 23 қараша, 15:19

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№89 (2201)
22.11.2025
PDF мұрағаты

Жапан даладағы жоғалған ер адам құтқарылды

23.11.2025

50 0

Сурет: ҚР ТМЖ

Бүгін құтқарушылар 21 қарашада Жангелдин ауданында жоғалып кеткен ер адамды тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

1979 жылғы ер адам мал іздеу үшін мотоциклмен белгісіз бағытқа шығып, сол күйі ұшты-күйлі жоғалған. Телефонының болмауы іздестіру жұмыстарын айтарлықтай қиындатты.

«Іздестіру жұмыстарына ТЖМ құтқарушылары мен күштері жұмылдырылды, бұдан бөлек, жергілікті атқарушы органдар, полиция қызметкерлері және ауыл тұрғындары да қатысты. Іздеу-құтқару тобының жедел және үйлесімді әрекеттерінің арқасында азамат аман-есен табылды. ТЖМ-нің қызметкерлері азаматты Жангелдин ауданы, Шилі ауылынан 35 шақырым қашықтықта, Ақжар елдімекенінің маңындағы ашық далада тапты», деп хабарлайды ТЖМ.

Ер адамның денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ, ол медициналық көмекті қажет етпейді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: