Павлодарда қыз ұзатуда мейрамханадағы тамақтан 30-дан астам адам жаппай уланып қалған жағдайға байланысты мекеме иесі түрме жазасынан құтылып кетті. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Той қонақтарының улануы маусым айында болған. Элиталық мейрамханадан 30-дан астам адам ауруханаға жеткізілді. Олардың арасында жүкті әйел мен сегіз жастағы бала да болған.Барлығында бірдей белгілер байқалған:
жүрек айну;
іш өту;
жоғары температура.
Оқиғадан кейін мекеме бірден жабылып, жүргізілген тексеру нәтижесінде тағам өнімдерінен стафилококк, сальмонелла және басқа да көптеген инфекциялардың іздері анықталған.
Санитарлық талаптарды бұзғаны үшін 26 жастағы мейрамхана иесіне қатысты тергеу басталған. Оған ірі көлемдегі айыппұл немесе тіпті бас бостандығынан айыру жазасы қаупі төнгенімен, соңында ер адам амнистияға ілігіп, жазадан босатылды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
