Қызылордалық тұрғынға көлік сыйлауға көмектескен блогер Асылхан Дүкенбаев бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде қайырымды шараның барысы туралы баяндады.
– Бұл түсірілім екі жыл бұрын түсірілген болатын Қазіргі уақытта әлеуметтік желінің арқасында халық бірігіп, көптеген азаматтарға көмек көрсетілуде. Кешегі видео соның дәлелі десек болады. Жерлестеріміз жұдырықтай жұмылып, беделді кәсіпкерлер жақсылық жасауға ниет білдірді. Соның арқасында қос бүлдіршіннің әкесі көлікті болды. Өз басым мұндай үлкен қаржы жиналады деп ойламадым. Бір жағынан қатты қуандым.. Барынша көмек көрсеткен халқыма алғысым шексіз. Жақсылық жасауға әрдайым асығайық ағайын!, – деді Асылхан Дүкенбаев.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!