Сенбі, 16 қараша, 03:12

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№91-2101
16.11.2024
PDF мұрағаты

Жарнама беру арқылы…

16.05.2024

462 0

Фото: egemen.kz

Кәсіп ашып, одан пайда табуды ойластырған адамдардың қателігі,  көбіне ақшасын желге шашу деп есептеп, жарнама жасауды артық көріп, ақырында кәсібін жүргізе алмай су аяғы құрдымға кетіп жататын жағдайлар жиі кездеседі. Сөйтіп жарнаманың маңызын түсінбегеннен кәсіптің тоқтап қалатын да кездері болады.

Керісінше жарнамаға ақша салу арқылы айналасы бірер күн емес, бірер сағаттардың ішінде табысын еселеп, жұмысын жүйелі түрде жүргізіп отырған кәсіпкерлер де бар. Кез келген кәсіп жарнаманың арқасында жүреді және пайданы да солай еселеуге болады. Бұл – тек менің ғана емес, барлық жарнама зерттеушілерінің қорытынды пайымы.

Жарнамадан ақша аяу арқылы қара жаяу қалуға болады. Қазір қаншама тауарлар жақсы жарнаманың арқасында сатылуда және нарықтан да өзіндік орнын алып отыр. Бір сөзбен айтқанда, жарнамаға салған ақша ол қашанда өзін өзі ақтайды.

Қазір жарнаманы баяғыдай телеарналарға беру міндетті емес. Адамдардың барлығы дерлік смартфон арқылы әлеуметтік желілерде  отыратынын ескерсек,  бұл ретте, мәселен, инстаграмда миллиондаған қаралымы бар аккаунттар арқылы жарнама беру сізге тиімді әрі пайдалы бола алады.  Қолыңыздағы газет – «Ақмешіт апталығы» да мұндай қызмет түрін қуана ұсына алады.

                                               Саят АСҚАР,

                                               Қорқыт ата атындағы университеттің ІІ курс студенті

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: