Қала әкімінің орынбасары Дархан Тұрсынбаевтың төрағалығымен қала аумағында орналасқан жарнама тұрғырлары бойынша анықталған кемшіліктерге байланысты жиын өтті. Кездесуде меншік иелеріне жарнама тұғырларының эстетикалық жай-күйі, адам өміріне қауіпсіздігі туралы түсінік беріліп, оны қалыпты жағдайда күтіп-ұстау барысы тапсырылды.
Қазіргі таңда, шаһарда жеке кәсіпкерлерге тиесілі 145 жарнама тұғыры орналасқан. Одан бөлек, 12 ЛЭД экран бар. Жиында аталған тұғырлардың үйлесімсіз орналасуы, бұрын пайдаланылған сымдарының алынбауы, конструкциялардың қисайып тұруы және ЛЭД экрандардың көлік жүргізушілеріне жарығымен кедергі келтірмеуі айтылып, анықталған кемшіліктер бойынша кәсіпкерлерге ескертулер жасалды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
