15 наурызда өткен жалпыхалықтық референдум – Тәуелсіз Қазақстанның даму жолындағы айрықша маңызға ие тарихи қадам болды. Бұл – ел тағдырына қатысты маңызды мәселелерді халықтың еркін таңдауы арқылы айқындайтын, демократиялық құндылықтардың айқын көрінісі ретінде бағаланатын саяси оқиға. Мұндай сәттерде әрбір азаматтың дауысы мемлекетіміздің болашағын айқындайтын үлкен күшке айналады.


Референдумға қатысу – тек азаматтық құқық қана емес, сонымен бірге Отан алдындағы зор жауапкершіліктің белгісі болып табылады. Әрбір қазақстандық өз таңдауын жасап, ел ертеңіне бейжай қарамайтынын және тәуелсіз еліміздің өркендеуіне үлес қосуға дайын екенін көрсетеді.
Бұл бастама мемлекетіміздің тұрақты дамуына, қоғамдағы әділдік пен бірлікті нығайтуға, сондай-ақ болашақ ұрпақтың жарқын келешегін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды бетбұрыс болып есептеледі.
Иіркөл кенішінің мамандары да осы маңызды саяси науқаннан тыс қалмай, референдум учаскесіне келіп, өз дауларын берді. Өйткені ел тағдыры шешілетін мұндай сәтте әрбір азаматтың белсенділігі – мемлекетіміздің берік болашағына қосылған үлкен үлес болып саналады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
