Дүйсенбі, 10 қараша, 12:09

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№85 (2197)
08.11.2025
PDF мұрағаты

Жарыс кезінде бапкерлер арасында жанжал шықты

10.11.2025

42 0

Фото: Видеодан скрин

Ақмола облысында панкратион мен грэпплинг бойынша жарыс кезінде екі бапкер жасөспірім тәрбиеленушілерінің көзінше төбелес шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Оқиға Степногорск қаласындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ғимаратында болған.

Бапкерлер өз тәрбиеленушілерінің мүддесін жұдырықпен «қорғаған». Алайда мұндай спортқа жат қылық ата-аналардың ашу-ызасын тудырды. Олар мұндай жағдай спорт мектебінің негізгі міндеттерін орындауына күмән келтіреді деп санайды.

Мектеп әкімшілігі бұл оқиғаға байланысты дереу түсініктеме беріп, төбелескен бапкерлер өз қызметкерлері емес екенін, мектеп тек жарыс өткізу үшін залды жалға бергенін мәлімдеді.

Ақмола облысының полиция департаменті оқиға бойынша тергеу басталғанын хабарлады. Барлық мән-жай анықталған соң, процессуалдық шешім қабылданады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: