Сенбі, 01 ақпан, 03:59

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№8, 2121
01.02.2025
PDF мұрағаты

Жасанды интеллект Қазақстандағы жұмыс орындарын азайта ма?

01.02.2025

45 0

Фото: Александр Павский/Kazinform

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиевтің айтуынша, жасанды интеллектінің жұмыс орындарына қаншалықты әсер ететіні қазіргі уақытта зерттелу үстінде, – деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ақпарат агенттігі.

– Біз өзге елдер секілді жасанды интеллект дамуының әсеріне зерттеу жүргізіп жатырмыз. Жұмыс орындары туралы сұрақ барлық мемлекет үшін алдағы орында тұр. Әлемдік сарапшылардың айтуынша, жасанды интеллект экономиканың тиімділігін арттырады, компаниялардың өнімі өседі. Ол өз кезегінде кәсіпорынның табысын көбейтеді. Табыс көбейген кезде қосымша жұмыс орындары ашылады. Бірақ мамандарды қайта даярлау бағдарламасы болуы керек. Біз бұл бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Мысалы, былтыр Астана хаб базасында Tomorrow school мектебі ашылды. Онда студенттер мен жасы үлкен кісілер ЖИ технологиясын қолдануды үйрене алады, – деді министр.

Жаслан Мәдиев жасанды интеллект алдағы уақытта жоғары деңгейде дамитын болса, 5 күндік жұмысты 3 күнде бітіруге болатынын атап өтті.

– Жасанды интеллект бірінші кезекте қайталатын қызметтерді автоматтандыруға көмектеседі. Яғни, адамдарды қайталанатын жұмыстардан босайды. Әлемдік сарапшылардың тұжырымынша, егер экономика жасанды интеллект негізінде дамыса, 5 күндік жұмысты 3 күнде бітіруге болады. Ал адамдардың өзі мен отбасына, шығармашылыққа бөлетін уақыты артады. Бірақ жұмыс нәтижесі тура сондай болады, – деді ведомство басшысы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: