Өзбекстанда жасанды интеллектті енгізу нәтижесінде 1 қарашаға дейін 2 мыңнан астам шенеунік қысқартылады. Ел президенті Шавкат Мирзиёевтің тиісті жарлығы ұлттық заңнама базасында жарияланды.Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Құжат «Мемлекеттік атқарушы билік органдарының басқарушылық лауазымдары санын цифрландыруды кеңінен енгізу есебінен оңтайландыру шаралары туралы» деп аталады. Осыған сәйкес, атқарушы билік жүйесінде 2141 штат бірлігі қысқартылады.
Ең көп қысқарту Мемлекеттік салық комитеті – 498 бірлік; Су шаруашылығы министрлігі – 224 бірлік; Ауыл шаруашылығы министрлігі – 200 бірлік; Жұмыспен қамту және кедейлікті қысқарту министрлігінде – 163 бірлікті құрайды.
Сонымен қатар, Экология, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі министрлігінде – 176, ал Әділет министрлігінде – 197 қызметтік орын қысқарады.
Жарлықта көрсетілгендей, қысқартуға түскен қызметкерлерді жұмыспен қамту мәселесімен Жұмыспен қамту министрлігі мен Өзбекстан кәсіподақтар федерациясы бірлесіп айналысады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!