Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 19:05

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Жасөспірім анасын қорқытып, психикалық қызмет көрсетіп келген

14.08.2023

397 0

Қостанайда полицейлер анасын қорқытып келген жасөспірімге қатысты қорғау нұсқамасын шығарды. Бұл туралы Alau.kz басылымы хабарлайды. 

17 жастағы жасөспірім үнемі отбасында жанжал шығарып, анасына психикалық қысым көрсетіп келген. Бұл жағдайды рейд жүргізген ювеналды полиция бақылауға алыпты. 

«Пәтерлердің біріне барғанда бізге көрші тұратын әйелдің жағдайы туралы баяндады. Ақпаратты тексеріп, 17 жастағы жасөспірімнің анасына психикалық қысым көрсететіні анықталды. Үнемі ұрысып, көңіл көтеру және қымбат заттар сатып алуға ақша сұрап, несие алуға мәжбүрлеген», – деді полицей Елизавета Володина. 

Әйел үнемі осындай жағдайға тап болатыны туралы полицияға айтқысы келмеген. 

«Әйелмен әңгімелесіп, өз құқығын қалай қорғай алатынын түсіндірік. Ал жасөспірімге қатысты қорғау нұсқамасы шығарылды және есепке алынып, бұл іске психиолог араласты», – дейді ювеналды полицей Данил Боханов. 

Отбасыны әрі қарай да полиция бақылай береді. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: