Жексенбі, 22 желтоқсан, 16:28

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Жасөспірім бассейнде әлдебір ер адамның тиіскенін айтқан

26.07.2023

410 0

Атыраудағы бассейн кешенінде топтық төбелес орын алды. Шудың басты себебі 16 жастағы жасөспірімнің бассейнде өзіне белгісіз ер адамның тиіскенін айтқан. Екі жәбірленуші әртүрлі дене жарақаттарымен ауруханаға түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, №2 полиция бөліміне «Жұлдыз» шағын ауданында орналасқан «Саванна» бассейні кешенінде белгісіз біреулер арасында төбелес болғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Хабарламаны тексеру барысында 16 жастағы жасөспірімнің құтқарушылардың біріне әлдебір ер адамның тиіскені туралы шағымданғаны анықталды. Салдарынан құтқарушылар мен бассейнге келушілер арасында төбелес болған.

Нәтижесінде 22 және 18 жастағы екі адам түрлі дене жарақаттарымен облыстық ауруханаға жеткізілген.

29, 28 және 30 жастағы күдіктілерге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы «Бұзақылық» бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Істің барлық мән-жайы анықталуда

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: