Балалар мен жасөспірімдер арасындағы беймезгіл уақытта көшеде жүру мен қадағалаусыздықтың, құқық бұзушылықтың, өз-өзіне қол жұмсау мен зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында Қызылорда қаласындағы Мәншүк Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде студент жастарға сала мамандарымен профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Бұл туралы Қызылорда облыстық жастар ресурстық орталығының баспасөз қызметі хабарлады.
Білім беру ұйымдарында құқық бұзушылықтың алдын алу және жасөспірімдердің өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған шараға облыстық «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің психолог маманы Гүлжайна Ғабитқызы Нетбаева арнайы қатысып, жастар мен жасөспірімдер арасындағы суицид, жастарға психологиялық көмек жөнінде айта келіп, орталық тарапынан осы бағытта жүргізілетін жұмыстарға тоқталып өтті.
Шара аясында кәмелет жасқа толмағандардың беймезгіл уақытта көшеде жүрмеуі, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу туралы тақырыптар қозғалып, тақырып аясында бейнероликтер мен арнайы дайындалған слайдтар көрсетілді. Сала мамандары арнайы қатысқан шарада студенттер пайдалы құқықтық ақпарат алды. Жастармен кері байланыс орнатылып, студенттер өз сұрақтарына толыққанды жауап алды.
А.БІРКЕНОВ
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!