Шымкент қаласында прокуратура балалар орталығының тәрбиеленушісінің алимент өндіру құқығын қалпына келтірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Шымкент қаласы прокуратурасының мәліметінше, 2015 жылдан бері И. Керимбаева «№6 арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету балалар орталығының» пайдасына кәмелетке толмаған қызының асырауына 1,1 миллион теңге көлемінде алимент төлеуге міндеттелген болатын.
Алайда тексеру кезінде 2025 жылғы 27 наурызда жеке сот орындаушысы орталықтың бұрынғы заңгерінің жазбаша өтінішінің негізінде атқару құжатын заңсыз түрде орындаусыз қайтарғаны анықталды.
Соның салдарынан сот шешімі орындалмай, балалар орталығының тәрбиеленушісінің конституциялық құқықтары бұзылған. Прокуратура актісінің негізінде алимент өндіру бойынша атқарушылық іс жүргізу қайта қозғалып, кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды, – делінген қалалық прокуратураның хабарламасында.
Әл-Фараби ауданының прокуратурасы балалардың құқықтарын қорғау және сот актілерінің толық орындалуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
