Бейсенбі, 21 қараша, 21:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

Жастар істері жөніндегі кеңес отырысы өтті

07.08.2024

138 0

Бүгін облыс әкімінің орынбасары Шахмардан Баймановтың төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы жастар істері жөніндегі кеңес отырысы өтті.
Жиында облыс әкімі – кеңес төрағасы Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмасына сәйкес жастар мен жас отбасылардың әлеуметтік жағдайын жақсарту, оның ішінде, білім алу мүмкіндігін кеңейту, кәсіпкерлік бастамаларын қолдау, жұмыспен қамту мәселелері қаралды.
Мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуы және жұмыссыз жастар санын азайту бағытында аймақта атқарылған істер есебі тыңдалды.
Кеңес отырысына қатысқан жастар ұйымдары өкілдері мен басқа да сала мамандарының ұсыныстарын негізге алып, жүйелі іс-шаралар атқару қажеттігі айтылды.
Жиын қорытындысында мүдделі орган басшыларына жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларды кең көлемде насихаттау, NEET санатындағы жастарды әлеуметтендіру тапсырылды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: