Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасының бұйрығымен «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры қызметіне Мукеев Азамат Рысдәулетұлы тағайындалды.
Мукеев Азамат 1989 жылы 14 тамызда дүниеге келген. 2007 – 2014 жж. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетін «Информатика» мамандығы бойынша оқып, бітірген.
Еңбек жолын 2011 – 2015 жж. түрлі қоғамдық ұйымдарда жастармен жұмыс жасау, қоғаммен байланыс саласында;
2016 жылдан 2019 жылға дейін «Қоғамдық келісім» КММ-де әлеуметтік жобалармен жұмыс бөлімінің басшысы;
2019 жылдың қыркүйегінен 2020 жылдың қарашасына дейін директордың орынбасары;
2020 жылдың қарашасынан бүгінгі күнге дейін директор қызметтерін абыроймен атқарып келді.
Отбасылы.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!