Қала жастарының белсенділігін арттыру және волонтерлық қызметті насихаттау мақсатында «ЖАСТАР. ЖАУАПКЕРШІЛІК. ЖАНАШЫРЛЫҚ» тақырыбымен волонтерлар күніне арналған марапаттау шарасы ұйымдастырылды.

Оған шаһардағы волонтерлық ұйымдар мен түрлі бағытта қызмет етіп жүрген белсенді жастар қатысты.
Шараға арнайы қала әкімінің орынбасары Ділмұхамед Абизов қатысып, жастардың ұсыныстарын тыңдап, еркін пікір алмасты. Ділмұхамед Мінуәрбекұлы волонтерлық қызметтің қоғамдағы маңыздылығын атап өтіп, белсенді жастарға алғысын білдірді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
