Жұма, 20 наурыз, 15:56

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№20 (2232)
17.03.2026
PDF мұрағаты

Жастарды қолдау жөніндегі аймақтық кеңес өтті

20.03.2026

59 0

Фото: «AMANAT» партиясы

«AMANAT» партиясы облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешованың қатысуымен партияның облыстық филиалы жанындағы Жастарды қолдау жөніндегі аймақтық кеңестің кезекті отырысы өтті.

Жастарды қолдау жөніндегі аймақтық кеңес өтті
Жастарды қолдау жөніндегі аймақтық кеңес өтті

Жиында жастар арасындағы есірткі қылмысының алдын алу және кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылық деңгейін төмендету бағытындағы жұмыстар талқыланды.

Алғашқы мәселе бойынша өңірде атқаралып жатқан жұмыстар бойынша Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы, полиция полковнигі Біржан Бағысов баяндады. Оның айтуынша ағымдағы жылдың 2 ай 15 күнінде есірткімен байланысты 39 құқық бұзушылық анықталған.

Жастарды қолдау жөніндегі аймақтық кеңес өтті

«Құқық бұзушылықтардың 12-сі осы есірткі өткізу фактісі. Сонымен қатар, есірткіні заңсыз жарнамалау деректеріне қатысты прокуратура органдарымен бірлесіп 60 есепшот бұғатталып, жалпы сомасы 5 миллион теңге шектелді. «Кибернадзор» жүйесі арқылы синтетикалық есірткіні жарнамалайтын 150 сайт анықталып, бұғатталды. Өткен жылы мемлекеттік органдар, «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» Жастар қанаты, Жастар ресурстық орталығымен бірлесіп нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы бағытталған түрлі іс-шаралар ұйымдастырылған болатын. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады»,-деді Біржан Бағысов.

Жастарды қолдау жөніндегі аймақтық кеңес өтті

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Полиция департаментінің Қоғамдық қауіпсіздік басқармасына қарасты ювеналды полиция бөлімінің аға инспекторы, полиция майоры Раушан Абдразақова хабарлама жасап, өңірдегі кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстарды жеткізді.

Жастарды қолдау жөніндегі аймақтық кеңес өтті

Жиын барысында кеңес мүшелері жастар арасындағы құқықбұзушылық пен есірткі қылмысының алдын алуға қатысты бірқатар ұсыныстарын білдіріп, өзекті мәселелерді ортаға салды. Отырыс қорытындысы бойынша тиісті ұсыныстар әзірленіп, жауапты органдарға жолданатын болды.

Жиын барысында Жастарды қолдау жөніндегі аймақтық кеңестің төрағасы қызметіне партияның Саяси кеңесі бюросы шешімімен Дәулет Ізбасарұлы сайланғаны таныстырылып, Ләйлә Төрешова жаңа кеңес төрағасының партиядағы белсенді қызметіне тоқталып, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.

Жастарды қолдау жөніндегі аймақтық кеңес өтті
Жастарды қолдау жөніндегі аймақтық кеңес өтті
Жастарды қолдау жөніндегі аймақтық кеңес өтті

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: