Бейсенбі, 18 қыркүйек, 13:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№70, 2183
16.09.2025
PDF мұрағаты

Жастарды теріс ағымнан қалай қорғауға болады? Имамның пікірі

18.09.2025

34 0

Астана қаласындағы Ырыскелді қажы мешітінің бас имамы Яхия қажы Исмайлов жастардың дінге деген қызығушылығын ғылым, білім және заманауи мәдениетпен ұштастырудың маңызына тоқталды, деп хабарлайды  El.kz  интернет порталы.

Діннің негізгі мақсаты – ғылым мен білім

Ислам дінінің негізгі мақсаты – білім мен ғылымға ұмтылу. Құранда алты жүзден астам аят білім туралы айтылған, ал алғашқы түскен аят та – «Оқы!». Пайғамбарымыздың хадистерінде де «Бесіктен қабірге дейін білім іздеңдер» делінеді. Сондықтан ислам фанатизмді қолдамайды, ол – орта жолдың, парасаттың діні. Әсіресе жастарымыздың білімді, ойлы болғанын қалаймыз, – деді имам.

Жастардың діни төзімділігін қалай арттыруға болады?

Имамның айтуынша, жастардың діни төзімділігін арттырудың басты жолдары – білім алу, сабырлы болу және дінді жүрекпен қабылдау.

Нағыз діндар адам – адал, сабырлы, әділетті, қарапайым. Ол ешкімге қиянат жасамайды, жаман сөз айтпайды. Дін – мейірімділікке, еңбекқорлыққа, отбасына қамқорлық жасауға, Аллаға құлшылық етіп, жақсылыққа ұмтылуға шақырады, – дейді.

Теріс ағымнан сақтанудың жолы

Сондай-ақ Яхия қажы жастардың экстремизм мен теріс ағымдардың ықпалына түспеуіне тоқталды. Оның пікірінше, бұл үшін жастар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бекітілген имамдары мен уағызшыларынан білім алып, солардың жолын ұстануы тиіс.

Өкінішке қарай, тоқсаныншы жылдары шетелдік уағызшылардың ықпалымен кейбір жастар теріс ағымға еріп кетті. Бірақ қазір жастардың көзқарасы түзеліп, дінді дұрыс түсіне бастады. Сондықтан тек ресми имамдардың насихатын тыңдау керек. Сол кезде ешқашан қателеспейді, – деді Ырыскелді қажы мешітінің бас имамы Яхия қажы Исмайлов.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: