Сенбі, 21 желтоқсан, 21:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Жастарды жұмыспен қамту мәселесі талқыланды

09.12.2020

1413 0

Қоғамның қозғаушы күші деп саналған жастарға мемлекет тарапынан түрлі бағытта жан-жақты қолдау мен демеу жеткілікті. Бүгінде оларға тиесілі түрлі нұсқада бағдарламалар мен жобалар дер кезінде жүзеге асуда. Жастар тарапынан қандай да бір тың тақырыптағы жобалар мен идеялар болса, оны жүзеге асыру үшін түрлі бастамаларға да басымдық берілуде. Алайда, бұл – жастар арасында мәселе жоқ деген сөз емес.

Мәселен, кей жастар үшін жұмыспен қамту өзекті болуда. Жұмыссыздықты алдын алу мақсатында бүгін жастар ресурстық орталығында қала жастармен кездесу ұйымдастырылды.Онда «Nur Otan» партиясы Теміржол филиалы төрағасының бірінші орынбарсары Базара Танбаева, «Nur Otan» партиясы Қызылорда қалалық филиалының консультанты ДимашКенжеәлиев және қалалық жұмыспен қамту орталығының маманы Берік Исатайұлы кездесуде сөз алып, жас буынды еңбекқор болуға үндеді.

Елбасымыз еліміздің болашағы – жастардың қолында екендігін жиі жеткізеді. Осы бағытта Қазақстан Республикасындағы «Мемлекеттік жастар саясаты» туралы заңы аясында нақты шаралар мен міндеттер тиісті деңгейде орындалып келеді. Елімізде әр бағытта жүзеге асып жатқан жобалар жастардың өмір сапасын жақсартуға негіз болары да сөзсіз. Айта кетерлігі, жастар еңбек етуге құлшынысын жоғалтпау керек. Олар жұмыс істеуге белсенділікпен кірісіп, өзіне-өзі жұмыс іздеп, жалқаулыққа бой алдырмауы тиіс, – деді«Nur Otan»партиясы Теміржол филиалы төрағасының бірінші орынбарсары Базара Танбаева.

Жиынға жиналған жастар жұмыссыздықты алдын алу мақсатында өз сауалдарын жолдап, ұсыныстарын жеткізді. Сондай-ақ, бағыт берушілер сұрақтарға жауап беріп, мемлекеттік бағдарламаларға тоқталды.

Айта кетейік, бүгінде жастар арасында түрлі мәселелердің алдын алуға  қатысты «Дипломмен ауылға», «Жастар кадрлық резерві», «Жастар тәжірибесі», «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламалары жемісті жүйесін беріп келеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: