Сенбі, 21 желтоқсан, 23:10

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасының жобасы әзірленеді

20.09.2022

930 0

«Отбасы банк» АҚ өңірлік әкімдіктермен бірлесе отырып, жастарға арналған дербес бағдарламаларды іске қосуда. 

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы мен «Отбасы банк» АҚ қазақстандық жастар үшін тұрғын үй несиесінің қолайлы шарттарын және тұрғын үй жағдайларын жақсарту қажеттілігін айқындау бойынша бірлесіп зерттеу жүргізеді, деп жазады inbusiness.kz ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ақпаратына сүйеніп.

Зерттеу негізінде бірыңғай жастар тұрғын үй бағдарламасының арнайы жобасы әзірленеді.

Аталмыш зерттеу жұмысына негіз болған «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының арнайы жүргізген сауалнамасындағы «Сіздің ойыңызша, жастар өздерін сенімді сезініп, дамуға қабілетті болу үшін не қажет?» деген сұраққа респонденттердің 40,9% «Өз баспанасы» деп жауап берді.

Өз кезегінде, бүгінде «Отбасы банк» АҚ өңірлік әкімдіктермен бірлесе отырып, жастарға арналған дербес бағдарламаларды іске қосуда. Бұл «Елорда жастары», «Алматы жастары», «Қарағанды жастары», «Әулиеата жастары», «Қостанай жастары».

Жақын арада осындай бағдарлама Атырауда да («Алатау жастары») іске қосылмақ.

Өңірлік тұрғын үй бағдарламаларына қатысу үшін іріктеу критерийлері әр өңірге байланысты өзгеріп отыруы мүмкін. Несие беру шарттары әдетте стандартты болып табылады. Бастапқы жарна кемінде 10% болу керек, несие мөлшерлемесі жылдық 5%, несие мерзімі 19 жылға дейін.

Жастардың бірыңғай тұрғын үй бағдарламасының жобасын әзірлеу «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы мен «Отбасы банк» АҚ қол қойған ынтымақтастық туралы Меморандум негізінде жүзеге асады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: