Сейсенбі, 14 қазан, 14:48

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№78, 2190
14.10.2025
PDF мұрағаты

Жастарға арналған жалдамалы пәтерлерді бөгде адамдар иемденген

14.10.2025

161 0

Фото: Zakon.kz/ Алия Абди

Шымкентте жастарға арналған жалдамалы пәтерлерді өз меншігінде баспанасы бар азаматтар иеленгені анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Жетінші арна» ақпаратына сүйенсек, 2019 жылы қала жастарына сатып алу құқығынсыз тұрғын үйлер берілген еді. Олар бұл баспананы 5 жыл жалдап тұруы керек. Алайда өз үйі бар азаматтар бұл бағдарламаны пайдаланып кеткен. Нақтырақ айтқанда, олар 451 пәтерді заңсыз иемденген.

«Енді тексеру қорытындысы бойынша 451 пәтердің барлығы қаланың коммуналдық меншігіне қайтарылады. Ал пәтерді босатпай отырғандар сот арқылы шығарылады», — дейді әкімдік өкілдері.

Белгілі болғандай, кейбірі тіпті пәтерлерді басқа адамға жалға беріп, өзі пайда тауып отырған.

«Тұрғын үй басқармасына бұл бойынша ескерту берілді. Назарға алынды. 439 пәтерді бағдарламаның шартын бұзғаны үшін босату бойынша сот органдарына талап-арыздар түсірілді. Оның екеуі бүгінгі таңда қанағаттандырылды».

Сәрсен Құранбек, қала әкімінің орынбасары

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: