Арал өңіріндегі ең үлкен проблемалардың бірі – шөлейттену мен тұзды дауылдар. Кезінде теңіз орнында қалған бос жерлерден көтерілген тұз әлемнің түкпір-түкпіріне дейін жетіп, қоршаған ортаға кері әсерін тигізді.
Осы ретте, экологиялық ахуалды жақсарту үшін көгалдандыру жұмыстары қарқынд алды. Үлкен Арал теңізінің тартылған аумағында 4,4 миллион көшет отырғызылды. 2021-2024 жылдар аралығында 475 мың гектар жерге сексеуіл тұқымдары мен көшеттер егілді. Биыл 428 мың гектар аумақта көгалдандыру жұмыстары жүргізілмек. Осы қарқынмен жалғасатын болса, 2025 жылдың соңына қарай 1,1 миллион гектар жер көгалданады.
Сексеуіл ормандары Аралдың айналасында табиғи қорған ретінде қызмет атқарып, климаттық жағдайды жақсартуға көмектеседі. Арал теңізінің түбін көгалдандыру – тек экологиялық емес, сонымен қатар әлеуметтік жоба. Жобаның жүзеге асуы жергілікті тұрғындардың денсаулығына оң әсерін тигізіп қана қоймай, табиғи апаттардың алдын алуда да маңызы зор.
Қуаныш Әбілдаев,
Арал аудандық ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің қызметкері
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!