Halyk Finance басқармасы төрағасының кеңесшісі Мұрат Темірханов көп жұрт әуес, маркетплейстер ұсынатын бөліп төлеу тетігінің қымбатшылыққа зор әсері барын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
«Егер тауардың нарықтық құны 100 мың теңге болса, маркетплейс сатушыдан бөліп төлеуді қаржыландырғаны үшін бағаға 10 мың теңгені қосуды талап етеді, яғни комиссияны жабу үшін. Ал сатушы маркетплейсте 110 мың деген бағаны қойса, онда енді бұл өнімді ол нарықта 100 мың теңгеге сатуға құқығы болмайды. Әлбетте, автоматты түрде бағалар барлық жерде көтеріледі, сөйтіп бөліп төлеудің зардабын барлық тұтынушы тартады. Осы жағынан алғанда, шын мәнінде, бұл пайыздарды бөліп төлеген адам емес, алдын-ала төлем жасаған адам төлейді, яғни осы 10 мыңға бөліп төлеуді қаржыландырады. Тұтынушылар «бөліп төлеу деген жақсы, қосымша шығынсыз» деп ойлайды, сол себепті олар осы сипаттағы тұтынысты арттыра береді, сәйкесінше бұл инфляцияға қосымша қауіп төндіреді. Демек, сөз еткен 10 мың теңгеміз, маркетпейлс айтқандай комиссия емес, несие бойынша тиімді пайыздық мөлшерлеме болады. Сондықтан кез-келген бөліп төлеу, тіпті қаржылық емес, реттелмейтін ұйымдар арқылы берілсе де ҚНРДА қадағалауына жатуы тиіс», деп Коментарий Telegram арнасы Halyk Finance басқармасы төрағасының кеңесшісі Мұрат Темірхановтың сөзін келтіреді.
Премьер-министр орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин 2025 жылғы 19 қарашада Үкімет отырысында инфляцияны тұрақтандыру үшін атқарылатын шаралар жайынан есеп берді. Қазан айында алғаш рет бетбұрыс байқалып, инфляция 12,9%-дан 12,6%-ға дейін төмендеді. Несие беру шарттары да қатаңдатылды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
