Сәрсенбі, 22 қазан, 18:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№80, 2192
21.10.2025
PDF мұрағаты

Жасырын жалға берушілерге соққы: Вице-министр салықтан жалтарғандарды қалай әшкерелейді?

22.10.2025

46 0

Фото: hoff.ru

Қаржы вице-министрі Ержан Біржановтан пәтерін жалға беріп, салық төлемейтін қазақстандықтарды “көлеңкеден шығару” қалай жүзеге асатыны туралы сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Шенеуніктің айтуынша, министрлік бұл саланы заңды айналымға енгізу бағытында жұмыс істеп жатыр. Ол үшін түрлі жеңілдетілген салық режимдері жасалып, соның ішінде тіркеусіз-ақ жылына бір рет декларация тапсыруға мүмкіндік беретін арнайы салық режимі қарастырылған.

«Біз камералдық бақылау жүргіземіз, деректерді салыстырамыз. Егер жеке тұлғаның 10 пәтері болып, өзі бір мекенжайда тұрса, демек қалған 9 пәтерін жалға беруі мүмкін. Біз бұл бағытта үй иелерінің бірлестігі мен учаскелік полицейлермен бірлесе жұмыс істейміз. Сондай-ақ егер осы азамат ай сайын мобильді аударымдар немесе басқа арналар арқылы ақша алып отырса, бізде оған қатысты сұрақтар туындайды», – деді Ержан Біржанов мәжіліс кулуарында.

Айта кетейік, камералдық бақылау салық органдарының үшінші тарап деректерімен және салық декларацияларымен қашықтан салыстыру арқылы тексеру жүргізуі. Егер заңбұзушылық анықталса, хабарлама жіберіледі.

Вице-министрдің айтуынша, бұл мәселе тек салық жинаумен емес, қылмыспен күреспен де байланысты, себебі есеп жүргізілмеген пәтерлерде тіркеусіз, кім екені белгісіз адамдар тұруы мүмкін.

Мемлекеттік кірістер комитетінің дерегінше, Қазақстанда пәтерді жалға беруден түскен табысқа салық төлеудің төрт заңды жолы бар. Олардың ең ыңғайлысы өзін өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнайы салық режимі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: