Қаладағы ірі сауда орталықтарында діни экстремизмнің алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Шара барысында Қалалық Қоғамдық даму бөлімінің теолог маманы Ғалымжан Ғанибекұлы радикалды діни ағымдардың таралу жолдары, олардың қоғамға тигізетін зияны және сақтану шаралары туралы түсініктеме берді.
Ол әсіресе әлеуметтік желілерде таралатын күмәнді діни ақпараттар мен белгісіз тұлғалардың уағыздарына ермеудің маңыздылығын ерекше атап өтті.
Жат ағымдардың ықпалына түспеу үшін:
Діни ақпараттарды тек ресми дереккөздерден алыңыз!
Белгісіз тұлғалардың үгіт-насихатына сенбеңіз!
Күмәнді діни топтардан аулақ болыңыз!
Кез келген күмәнді жағдайларда теолог мамандардың немесе құзырлы органдардың көмегіне жүгініңіз!
Қоғамдық қауіпсіздікті сақтау – әрбір азаматтың ортақ міндеті! Бұл бағыттағы түсіндірме жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!