Шетелдіктер асырап алған қазақ балаларынан хабар жоқ. Бұл туралы aqmeshit-aptalygy.kz ақпарат агенттігі 24kz сілтеме жасап хабарлайды.
Еліміздің құзырлы органдарында 1999 жылға дейін шетелдік азаматтар асырап алған қазақ балалары жайында ақпарат жоқ. Мұхит асып кеткен ұл-қыздарымыздың мәселесін сенатор Дархан Қыдырәлі көтерді.
Статистикаға қарасақ, сәбилерді өз тегіне жаздырып, елшілікпен байланысты үзіп, ізім ғайып жоқ болғандарда аз емес. Мәселен, Африкаға кеткен 30 баладан, Америкадағы 104-нен, Бегиядағы 113 баладан хабар жоқ. «Оңтүстік Африка, Кения, Филлипин, Мексика, Мальта, Аргентинаға кеткен 120 баланың санатын анықтау керек» – дейді депутат.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!