Астанада жатақхана өртенді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
«Елордалық өрт сөндірушілер 500 шаршы метр аумақты шарпыған жатақханадағы өртті сөндіруде», – делінген төтенше жағдайлар министрлігінің хабарламасында.
ТЖМ өрт қауіпсіздігінің барлық ережелерін сақтауды ұсынады.
Өрт сөндірушілер тілсіз жауды 06:07-де толықтай жойды.
Сондай-ақ төтенше жағдайлар министрлігі үш адам ауруханаға жатқызылғанын хабарлады.
Нақтыланған мәліметтер бойынша өрттің ауданы 400 шаршы метрді құрады.
«Себептер анықталуда», – деп қосты ТЖМ.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!