Жұма, 23 мамыр, 16:49

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№37,2150
20.05.2025
PDF мұрағаты

Жатақхана – өз үйім

23.05.2025

89 0

Жатақхана – әр студенттің өміріндегі ерекше кезең. Астана қаласынан Қызылордаға оқуға келіп, жаңа ортаға бейімделу кезінде мен үшін жатақхана бірлік пен достықтың мекеніне айналды. Түрлі елден келген қандас қыз-жігіттермен танысып, үш айдың ішінде шынайы бауырмал орта таптым. Өзбекстан, Моңғолия және Қытай елінен келген қазақ жастарының өмірге, дәстүрге, дінге деген көзқарасы мені таңғалдырды.

 Жатақханада мен танысқан достардың әрқайсысы – өз алдына бір әлем. Моңғолиядан келген Аймерей – өте ашық, ақжарқын, достыққа адал қыз. Қазан айынан бастап араласа бастадық, кейін бір жатақханада тұрдық. Алғаш ол мені бөлмесіне шақырып, жерге төсек салып, жастығын маған беріп, өзі жастықсыз ұйықтағаны әлі есімде. Ал Айнұр – мейірімді, жайдары мінезімен ерекшеленеді.Қытайдан келген Сұңқар – жаны таза, сөзге абай, сабырлы жүріс-тұрысы да, сөйлеген сөзі де үлгі боларлық. Қадырбек – Моңғолиядан келген салмақты, ақылды жігіт. Онымен кино көрген өте қызықты. Өзбекстаннан келген Ғазиза мен Ханзада – ақылды, шынайы, көмекке даяр қыздар. Біз түрлі елден болсақ та, ортақ ұлт, ортақ тіл, ортақ салт  бір-бірімізге бауыр етті.

 Жатақханадағы үш ай – мен үшін үлкен өмір мектебі болды дегім келеді.

                                                    Іңкәр ҚУАНЫШҚЫЗЫ,          

                                      Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің

                                         Журналистика мамандығының 1-курс студенті

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: