Футбол жаттықтырушысы жасөспірім қызға зорлық көрсетті деген күдікке ілінді. Оқиға Павлодар да орын алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Kerek.pv Telegram арнасында павлодарлық ер адамдың бала зорлағаны туралы ақпарат тарады. Күдіктінің футбол бапкері екені белгілі болды. Ер адам 10 жасар қызды зорлап, оған тиіскен. Полиция күдіктінің ұсталғаны туралы ақпаратты растады.
«Кәмелетке толмағанға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасады деген күдікпен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, Павлодар қалалық ІІБ уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп түсіндірді Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Тергеу барысы Павлодар облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында екені атап өтілді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!