Бейсенбі, 26 желтоқсан, 23:29

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті мемлекеттік тіркеу қалай жүзеге асады?

29.01.2021

6249 0

 Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктердің (өкілдіктерді) есептік тіркеуі (қайта тіркеу) қалай жүзеге асады?

Еgov.kz арқылы:

– Порталдың «Бизнесті тіркеу және оны дамыту» бөлімшесінен қажетті қызметті тауып, онлайн сұратыңыз;

– Бірінші қадамда ұйым жайлы деректерді толтырып, компанияңыздың толық және қысқа атауын қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жазыңыз;

– Ұйымның құқықтық формалары мен құрылтайшылары жайлы ақпараттарды да толық толтырыңыз;

– Заңды мекенжайын, байланыстарын және экономикалық қызметтің негізгі түрінің кодын, жұмыспен қамтылған адамдардың санын көрсетіңіз.

– Егер банк шотын онлайн ашқыңыз келсе, оны үшінші қадамда банк талап еткен құжаттарды тіркей отырып рәсімдеңсіз.

– Келесі қадамда сақтандыру шартын онлайн жасауға болады.

– Өтінішке ЭЦҚ арқылы қол қойыңыз. 

Егер банк шоты мен сақтандыру шартын өз бетіңізше жасауды жоспарласаңыз, 1-қадамнан соң, бет соңындағы тиісті тармақты белгілемеңіз. 

Егер компания басшысы басқа адам болса, оның ЖСН нөмірі порталда көрсетілген соң, ол 1 сағат ішінде әрекетті растауы қажет.Қызмет уақыты – 1 сағ. (Қайта тіркеу- 1 жұмыс күні). Нәтижесін жеке кабинетіңізден аласыз.Тіркеуді ХҚО арқылы жүзеге асыру үшін Сізге келесі құжаттар тізімі қажет: 

– жеке куәлік;

– заңды тұлғаны тіркеу туралы өтініш;Қызмет құны 

– Ірі бизнес субъектілері үшін – 18382 тг;– Шағын және орта бизнес субъектілері үшін тіркеу – тегін.ЖШС-нің атауы, құрылтайшылар құрамы өзгерген жағдайда және жарғылық капитал сомасы төмендеген жағдайда ХҚО арқылы құжаттарды қайта тіркеу қажет. Ол үшін келесі құжаттар тапсырылады: 

– өтініш (ХҚО-да беріледі)

– өзгеріс бойынша қаулы

– мерзімі 1 айдан аспаған БАҚ баспа басылымында жарғылық капиталдың  өзгеруі туралы жарияланым (жарғылық капитал сомасы төмендеген жағдайда)

– келісімшарт түпнұсқасы (құрылтайшылар өзгерген жағдайда)Қызмет құны 

– Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 5656 тг;

– Орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 18382 тг.Қызмет нәтижесі 1 жұмыс күні ішінде дайын болады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: