Оралда толассыз жауыннан кейін үйлерді су басты, – деп хабарлайды 24.kz.
Оралда кеше түсте басталып, түнімен жауған толассыз нөсерден кейін көшелер суға толып, ондаған үй мен әлеуметтік нысанды су басқан.
Облыстық төтенше жағдай департаменті өкілдерінің мәліметінше, түнде 23 шақыру түскен.
Қазір құтқарушылар мен коммуналдық кәсіпорындардың жұмысшылары, жертөледегі суды сорып шығарып жатыр.
Ауа райының қолайсыздығынан, облыс орталығында 6 жарым мыңға жуық тұтынушы электр қуатынсыз қалса, дәл қазір соның 1500-іне жарық берілді. Қалпына келтіру жұмыстарымен Батыс Қазақстан электр желілері компаниясының 32 қызметкері айналысып жатыр.
Сондай-ақ, жөнделіп жатқан трассалардағы айналма жолдар да суға толып, көлік қатынасына қиындық келтірді. Ауа райын болжау қызметі өкілдері жауын-шашын бүгін-ертең де жалғасуы ықтимал дейді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!