Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде психологиялық қызметтерін жетілдіру бойынша сотталғандарға, ұзақ мерзімге жазаға тартылғандарға психологиялық көмек беруді күшейтудің 2022-2024 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес жұмыстар атқарылуда. Жоспарға сәйкес Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің 60мекемесінде сотталған азаматтармен тренинг өтті. Тренингті мекеме психологтары Кеңес Салтанат, Шынар Кульбаева және ТБУ инспекторы әділет капитаны С.Насырова өткізді. «Бостандыққа психологиялық дайындық» тақырыбындағы тренингке жаза мерзімінің аяқталуына бір жыл қалған 20сотталған қатысты.
Тренинг барысында психолог мамандар сотталғандармен «Өзін-өзі таныстыру», «Қуаныш», «Ойлан,тап» жаттығуларын жүргізді.
«Бұл шара жаза өтеу орнынан шыққан азаматтың жаңа жағдайларда одан әрі өмір сүруде психологиялық иммунитетін бекіту бағытында болды.Босатылушының қимыл іс-әрекетін ,мінез-құлық, көңіл күйін бақылай отырып ,жағымды жаққа бағыттауға қолайлы»,- дейді психолог С.Кеңес.
Сонымен қатар,сотталғанның әрі қарай бостандықтағы ой-өрісін,оның сезімін,әдеттерін жаңа жағдайларда тиісті мінез-құлықты қалыптастыруда психологиялық жағдайдың икемін белсендетуге көмек берілді.Босатылуына бір жыл қалған Б. есімді азамат алдағы уақытта жасаған қателігіне жол бермейтінін,қайта қылмысқа бармайтынын айтты.Ертерек отбасымен қауышып,болашаққа деген үлкен үмітпен қадам басқалы тұрғандығын білдірді.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!