Дүйсенбі, 21 шiлде, 22:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№53, 2166
19.07.2025
PDF мұрағаты

Жазасын өтеуші азамат заңды некеге тұрды

21.07.2025

66 0

Қылмыстық атқару-жүйесі департаментіне қарасты №68 мекемесінде жазасын өтеуші азамат заңды некеге тұрды. Ол таңдаған жарымен отбасын құруға шешім қабылдап, қажетті рәсімдерді орындап, неке куәлігін алды.
Мекеме заңгері Гүлмира Қарашаеваның айтуынша, қамаудағы азаматтардың заңды құқығын сақтау, оның ішінде отбасы құру құқығын қамтамасыз ету – қылмыстық-атқару жүйесінің негізгі міндеттерінің бірі. Бұл рәсім Қазақстан Республикасының заңнамасына сай жүзеге асырылды.


– Сүйіктіммен заңды некеге тұрғаныма қуаныштымын. Мұны жаңа өмір бастауға мүмкіндік деп білемін. Болашаққа сеніммен қарап, енді қателікке бой алдырмауға тырысамын. Мойныма жүктелген отбасы жауапкершілігі көп нәрсені түсіндіре білді, – дейді жазасын өтеуші азамат.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: