Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №60 мекемесінің өндірістік аймағында кәсіпкерлер ісін домалатып келеді. Соның бірі жеке кәсіпкер – «Әділет» ЖК.
2019 жылдан бері ЖК «Әділет»-тің кірпіш зауыты жұмыс жасауда. Бұл мекемедегі жазасын өтеуші азаматтардың 58-ін жұмыспен қамтып отыр. Жұмыспен қамти отырып жеке кәсіпкер құрылыс саласында сұранысқа ие өнімдерді нарыққа шығаруда. Оның ішінде табиғи газбен күйдіріліп өндірілетін қыш, қам кесек, пескоблок өнімдері бар. Сотталушылар зауытта күніне үш мың қам кесек өнімін шығарса, 72 сағат ішінде пеште күйдіру арқылы жетпіс мыңға дейін күйдірілген қыш алады.
– Өндіріс орнында 40 сағаттық жұмыс режимі сақталған және белгіленген еңбек ақысында алып отырады. Мұндай еңбек ету алдағы уақытта сотталушылардың жаза мерзімі аяқталған соң, қоғамға тез бейімделіп кетуіне оң ықпалын тигізеді, – дейді СЕҰБ бастығы әділет майоры А.Абдреймова.

ҚАЖД №60 мекеменің баспасөз қызметі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!