Бейсенбі, 28 қараша, 08:39

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Жазда қандай киім, қандай түс сәнде болады?

17.06.2021

1797 0

Сән (мода) сөзін естіген кезде, алғаш көзімізге стильді жәні сәнді киінген адамды елестетеміз. Бұл қазіргі таңда үлкен бизнес. Мода тек киіммен ғана шектеліп тұрған жоқ, себебі қазіргі таңда бет әрлеу саласы да жақсы дамыған. Бұның өзін біз модаға жатқызамыз.

Осыдан 5-10 жыл бұрын жасанды қас, жасанды кірпік сәнге айналса. Қазіргі таңда табиғи әрлеу түрі сәнге айналып жатыр. Қазіргі таңда бет әрлеу саласын да шыңдалып жүрген визажист Мұхтарова Жадыраның айтуынша- жас аруларымыз табиғи әрленуді сәнге айналдырды дейді. Бұдан бөлекте түрлі-түсті шаш әрлеу яғни шаштың түсін өзгертуде сәнде жүргенін айта кетті. Сол секілді де әр адамның өзінің талғамы, стильі болады. Ол киімді өзінің талғамына, жасына, жұмысына, дене бітіміне және мінезіне сәйкес таңдауы керек. Ең соңғы сән үрдістерін ұстануға тырысудың басты себебі – стильді, тартымды, танымал және сенімді болуға ұмтылу. Әдетте, адамдар жаңа адамға сыртқы келбеті мен киімдері арқылы бағалайды, содан кейін ғана оның ішкі қасиеттеріне мән береді. «Жақсы киім барлық есіктерді ашады» деген мақал бар. Сондықтан біз басқа адамдарға жағымды әсер ету үшін бар күшімізді салып жатырмыз.

Сәнге қол жеткізу және дизайнерлік киімді сатып алу үшін біз көп ақша жұмсаймыз. Сол секілді трендтен де қалғымыз келмейді. Осы жылы трендке айналған түстерді де біле жүргеніміз абзалырақ болар. Pantone түстер институты 2000 жылдан бері трендте болатын түстерді анықтап келеді. Олар өз зерттеулерін әр жылдың желтоқсан айында жариялайды. 2021 жылдың басты түстері ашық сары және қою сұр түс. Pantone түстер институты көбіне бір түсті ғана таңдайтын. Осы жылға екі түсті қатар таңдаған. Ұйым директоры Леатрис Эйсманның айтуынша, «бұл түстер адамға шыдамдылық пен үміт сыйлайды» дейді.

Түстің адам психологиясы мен көңіл-күйіне әсері зор. Әр адамның түр-түсті қабылдау ерекшелігі де әртүрлі. Бұл қасиет адам мінезіне, жасына, көңіл-күйіне және басқа да жайларға байланысты. Сондай-ақ түр-түстер ағзаға тікелей әсер етеді, адамды ерекше күйге бөлейді.

Аружан НОҒАЙ
Қорқыт ата атындағы
Қызылорда университетінің
ІІІ курс студенті

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: