Жұма, 30 мамыр, 00:47

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№39,2152
27.05.2025
PDF мұрағаты

Жазда қар жауды

28.05.2025

229 0

Еліміздің Шығыс Қазақстан облысында күн күрт суытып, Риддер қаласына қар түсті, деп хабарлайды Egemen.kz

Кеше күндіз Риддер қаласында қар жауды. Жергілікті тұрғындар жауған қардың видеосын әлеуметтік желіде бөлісіп жатыр. «Қазгидромет» мәліметінше, бүгін түнде аймақтың шығысы мен солтүстігінде жаңбыр және қар түріндегі жауын-шашын жауады.

«Ертең, 29 мамыр күні, облыстың шығыс бөлігінде жаңбыр жауады, түнде және таңертең тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, екпіні секундына 18 метрге дейін жетеді. Түнде ауа температурасы +1°-тан +6°-қа дейін, шығыс пен солтүстікте -2 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін», деп нақтылады «Қазгидромет» өкілдері.

Кеше Марқакөл ауданында ауа температурасы – 6 градусқа дейін төмендеген. Алдағы түнде минустық температура Риддер, Катонқарағай, Глубокое аудандарында және Марқакөлде күтіледі.

«Күндіз ауа температурасы +15…+20° шамасында көтеріледі, алайда облыстың шығысында +10°-тан жоғары болмайды. Өскеменде жауын-шашын болмайды, аспанды бұлт басып, ауа температурасы +17°-қа дейін көтеріледі», дейді синоптиктер.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: