Қызылорда станциясындағы Желілік полиция бөлімінің қызмет көрсету аумағында 2019-2023 жылдарға арналған қылмысқа қарсы күрестің бірлескен шараларының мемлекет аралық бағдарламасы орындау мақсатында, 2023 жылдың 7-9 ақпан аралығында желілік полиция бөлімі мен бөлімшелерінің барлық күштері жұмылдырылып «Anti-Fraud» жедел профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылды. Ақпараттық технологиялар саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күрес бойынша мақсатты бағытталған жедел-іздестіру және профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылды. Киберқылмыс оның ішінде телефон және интернеттегі алаяқтыққа байланысты қылмыстардың алдын алу жолын кесу, сондай-ақ Ақпараттандыру және байланыс саласында жасалатын қылмыстық құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл бойынша қабылданатын шаралардың тиімділігін арттыру мақсатында, Көліктегі полиция департаментінің 2021-2023 жылдарға арналған бағдарламасы аясында Қызылорда станциясының темір жол вокзал перронында темір жол қызметкерлерімен жолаушыларға түсіндірме жұмыстар жүргізіліп, жадынамалар таратылып, терминал, бонкамат, поездарға алаяқтардың арбауына түсіп қалмау үшін жасалған брошюра ілінді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!