Сенбі, 15 ақпан, 15:44

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№12,2125
15.02.2025
PDF мұрағаты

Жеке басында 5 бірдей картасы бар қазақстандықтардың төлемдері тексерілмек

14.02.2025

81 0

Фото: Нұрболат Нұржаубай

Қазақстандықтардың банк картасына бақылау күшеймек. Қаржы нарығын реттеу агенттігінің хабарлауынша, енді бір банктен 5 немесе одан да көп картасы бар азаматтар назарда болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Енді бір банктен бірнеше карта ашқандарды заңсыз ақша айналымына қатысы болуы мүмкін деген арнайы санатқа кіргізеді. Қаржы ұйымдары бірнеше картасы бар клиенттің кімге ақша аударғанын, кімнен ақша түскенін тексеріп, ақпаратты сақтап отыруға міндеттеледі.

Құзырлы органдар бүгінде алаяқтарға ұрланған қаражатты шығаруға көмектесетін дропперлер көбейгенін жиі айтады. Қаржы нарығын реттеу агенттігінің мәлімдеуінше, осы мәселені шешуде жаңа заң септігін тигізе алады.

“Бұл шаралар негізінен есірткінің заңсыз айналымы тәуекелдерін барынша азайту мақсатында және дроперлер санын азайту үшін қабылданған. Осыған орай банк қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы қосымша мәлімет сұрауы мүмкін”, – деді қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің басқарма бас маманы Асқар Сейданов. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: