Ішкі істер министрлігі мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі елімізде тағы бір мемлекеттік қызмет онлайн форматта қолжетімді болатынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұйрықта мемлекеттік қызметтерді көрсетудің тиімділігін арттыру үшін Қазақстанда пилоттық жоба – жеке куәліктерді онлайн-форматта беру іске қосылатыны айтылған. Жаңа құжатты сіздің жеке куәлігіңіздің жарамдылық мерзімі аяқталған кезде электрондық үкіметтің сайты немесе қосымшасы арқылы ала аласыз
Жеке куәлікті онлайн қалай рәсімдеуге болады:
– электрондық үкімет порталында немесе eGov Mobile қосымшасында ЭЦҚ көмегімен өтініш толтыру және қол қою керек;
– көрсетілген форматтағы фотосуретті түсіріп, оны өтінішке тіркеу қажет;
– өтінімді уәкілетті орган тексеруі тиіс: өтініш берушіде тіркеу, жеке куәліктің қолданылу мерзімі, тіркелген фото болуы қажет;
– егер тексеру жүргізілсе, қызмет үшін мемлекеттік бажды төлеу қажет;
– қызмет көрсету нәтижесі туралы сұрау салу;
– дайын жеке куәлікті ХҚКО-дан дайындығы бойынша алуға болады.
Министрліктердің бірлескен бұйрығы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 31 наурызға дейін қолданылады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!