Жексенбі, 22 желтоқсан, 10:31

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Жеке құрам желтоқсаншымен кездесті

16.12.2022

949 0

Тәуелсіздіктің құндылығын жеке құрамға дәріптеу мақсатында Қылмыстық атқару саласына қарасты 68 мемлекеттік мекемесі кадр саясат тобының ұйымдастыруымен желтоқсаншымен кездесу өтті.

Кездесуге Желтоқсан оқиғасының куәгері, Амантай Қанетов арнайы шақыртылды.

Іс- шара барысында алдымен, мемлекеттік әнұран орындалып, Тәуелсіздік үшін күрескен, желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, бір минуттық үнсіздік жарияланды.

Бұдан соң, мекеме бастығының орынбасары, әділет полковнигі Зиябеков Жәнібек Мелдібекұлы келген қонақты, жеке құрам мен барша мекеме қызметкерлеріне құттықтау сөзін арнады.

Әділет полковнигі өз сөзінде, ата –бабамыздың арманы мен талай қилы тарихи оқиғалардың жемісі болып жеткен 16- желтоқсан мекрекесінің ерекшелігін айта отырып, Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы мекеме қызметкерлерінің ерен еңбектеріне табыс тіледі.

Бұдан әрі 1986 жылы Алматыдағы Республика алаңында болған көтеріліс және Ләззат Асанова , Ербол Сыпатаев пен Қайрат Рысқұлбековтің өмірі жайындағы бейнебаян көрсетілді.

Қатысушылар бейнебаяннан тәуелсіздік күнінің оңайлықпенен келмегенін көзімен көріп, Әбиірбек Тыналиевтің « Желтоқсан ызғары» әнін тыңдады.

Осындай әсерлі сәттерден соң, қатысушылар келген қонаққа әртүрлі сұрақтарын қойып, тәлімді әңгімесінің куәгері болды.

Дінмұхаммед Қонаев елдің дамуына саналы өмірін арнады. Оның орнын басатын қазақ басшылары болды.
Бірақ Мәскеу өзге ұлттың өкілін әкелді. Біз соған ашынып алаңға шықтық.

Одан бір күн бұрын түні бойы басқа оқу орындарының жатақханаларын аралап, ұлт мүддесі аяққа тапталып жатқанда қарап отырғанымыз жарамас деп, өз ойларымызбен бөлістік.

Бізді бәрі қолдады.
Шеруге шығуға келісіп, түнімен ұрандар жазып, алаңға шықтық.

Мен ол кезде Алматы мемлекеттік көркемсурет және өнер интитутының 4- курс студенті едім.

Бұл құйын-86» оқиғасы кезінде талай жас, суық қаруланған жасақтың аяусыз соққысында қалды.

Қаншама жас оқудан қуылды, абақтыға қамалды. Сол жастардың бірі ретінде, қазақ ұлтының өр рухын көрсеткен оқиғаға қатысқаныма еш өкінбеймін, қайта бүгінді егеменді еліміздің жарқын бастауына жол салып берген желтоқсан оқиғасының белсендісі болғаным үшін ,әлі де сол тарихы оқиғаны сіздер сияқты жастарға баяндауға әрқашанда дайынмын– деді, Амантай Қанетов.

Ия,шынында датергеу изоляторының қызметкерлері тәлімді әңгіме тыңдап, ұлтжанды азаматтың шешіле сөйлеген көсем сөзінен нәр алып, патриоттық рухы көтерілді.

Кездесу соңында жеке құрам көзі тірі желтоқсаншы, тау тұлғалы батыр ағасымен естелікке суретке түсті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: