Бейсенбі, 26 желтоқсан, 23:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Жеке тұлғалардың банкроттығы 3 рәсім бойынша жүзеге асады

01.02.2023

647 0

Биыл 3 наурыздан бастап қарызын өтей алмай жүрген жеке тұлағалар «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» заңға сәйкес өтініш бере алады. Бұл заң 3 рәсім арқылы орындалады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Қуанышбек Бекшин хабарлады.

-Өздеріңізге белгілі, 2022 жылдың 30 желтоқсанында Мемлекет басшысы «ҚР азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» заңға қол қойды. Бұл заң наурыз айында күшіне енетін болады. Аталған заңда 3 түрлі рәсім бекітілген. Атап айтқанда, соттан тыс банкроттық, сот арқылы банкроттық және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру. Бірінші, соттан тыс банкроттық – жеке тұлағалардың барлық екінші деңгейлі банктер мен микроқаржы ұйымдарында және коллекторлық агенттіктерінде қарыздары болса ғана жүзеге асырылады. Тиісінше, азаматтар мынадай талаптарды орындауы міндетті. Бірінші, азаматтардың қарызы – 1600 АЕК-тен яғни, 5,52 млн.теңгеден аспауы тиіс. Екінші, жеке тұлға өз қарызын 12 ай бойы өтемеген болуы керек. Сонымен қатар азаматтардың банк және қаржы ұйымдары алдындағы берешектері 5 жыл қатарынан төленбей келсе негізгі шарттар қолданылмайды. Соттан тыс банкроттық рәсімі «электрондық үкімет» порталында жүргізіледі. Содан кейін ақпараттық жүйе арқылы борышкердің критерийлерге сәйкестігі мемлекеттік органдардың деректерімен автоматты түрде салыстырылады, – деді ол.

СОТ БАНКРОТТЫҒЫ РӘСІМІ СОТ ТӘРТІБІМЕН ШЕШІЛЕДІ

– Екінші рәсім – сот банкроттығы. Мұнда жеке тұлғалардың барлық қарызы 1600 АЕК-тен астам яғни, 5 млн 520 мың теңге көлемінде болуы шарт. Бұл рәсімнің шарттары – жеке тұлғаның барлық банктер, микроқаржы ұйымдары, жеке және заңды тұлғалар алдындағы келісім шарт негізіндегі қарыздары, мемлекет алдындағы салықтар мен міндетті төлемдердер бойынша қарызы ескеріледі. Осы рәсім барысында жеке тұлғаның атында мүліктер анықталған жағдайда берешектерді өтеу үшін аукционға сатуға шығарылады. Егер де жеке тұлғаның жалғыз тұрғын-үйі банк кепілінде болса, онда банк аталған мүлікті алып қоюға толық құқылы. Сот банкроттық рәсімінің мерзімі – 6 ай, және 6 айға ұзарту мүмкіндігі қарастырылған, – деді «Оңалту және банкроттық» бөлімі басшысының міндетін атқарушы Әліби Жанкелдин

«ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ» РӘСІМІ

– Үшінші рәсім – төлем қабілеттілігін қалпына келтіру. Бұл рәсімде де жеке тұлғаның қарыз сомасын өтеу сотпен қарастырылады. Сондай-ақ, жеке тұлғаның қалыптасқан барлық қарыздары 5 жыл көлемінде бөліп төлеуге мүмкіндік беріледі. Одан бөлек, өтініш борышкердің тұрғылықты жері бойынша сотқа берілуі тиіс. Содан кейін жеке тұлғаның берешек сомасы өзінің меншігіндегі мүліктерінің құнының мөлшерінен аспауы керек. Тағы бір ескеретін нәрсе, қандай да бір жеке тұлға аталған рәсімдерді орындау барысында өз мүліктерін немесе жеке есепшот қаржыларын жасырып қалса әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылық кодекстің заңдарына сәйкес жауапқа тартылатын болады, – дейді «Оңалту және банкроттық» бөлімі басшысының міндетін атқарушы Әліби Жанкелдин.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: