Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 09:12

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Жекеқұрамға Темірбек Жүргеновтың қайраткерлігі дәріптелді

27.06.2023

360 0

Биыл Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының шешімімен түркітілдес елдерінде Темірбек Жүргенов жылы болып белгіленді.

Осыған орай, мекеменің кадр саясат тобы қоғам қайраткерінің өміршең мұрасын, қайраткерлік күресін, ағартушылық қызметін жас ұрпаққа үлгі етіп көрсету мақсатында, «Қазақ даласының ұлтжанды тұлғасы» деген тақырыпта іс-шара ұйымдастырылды

Іс-шара аясында алдымен мекеменің жекеқұрамына қоғам қайраткерінің туған жері,өскен ортасы, білімі мен атқарған қызметтері жайлы панорамалық сабақ өтілді.

Одан соң, ауысымнан шыққан жас қызметкерлер Қызылорда облыстық облыстық тарихи-өлкетану мұражайындағы Жүргеновқа арналған мүйісті тамашалады.

Бұл күні погондағыларға музей қызметкері Жолмырза Бақнұр қайраткер тұлғаның отырған орындығы, столы, патефон, жазбалары, т.б з пайдаланған заттары көрсетіліп, мол мағлұмат берілді.

Музей қызметкерінің айтуы бойынша:

  • Сыр елі – ұлттың бағына туған талай тұлғаларды дүниеге әкелген. Соның ішінде, Темірбек Қараұлы Жүргеновтың Жалағаш ауданы, Жаңаталап ауданы тумасы болған.

Ол Алмасектегі (қазіргі Есет батыр) ауылындағы орыс-қазақ мектебінде оқыған деп, бала Темірбектен – мемлекет қайраткері атанған дана тұлғаның дара өмір жолы жайлы әңгімелеп, көптеген үлгі тұтарлық қырларын айтып берді.

Өтілген ісшараларға қызығушылық танытқан жекеқұрамның жас бақылаушыларының бірі :

  • Мен қаламыздағы №136 Темірбек Жүргенов атындағы мекте оқығанмын. Қайраткер жайлы оқушы кезімнен танып білемін.

1920-30 жж қазақ зиялыларының шоғыры ретінде кеңестік жүйенің ықпалымен ату жазасына кесілген нар тұлға « халық жауы» емес, керісінше халық қамқоршысы болған

Сонымен қатар,көрші Өзбекстан,Тәжікстан жерлерінде жұмыс жасап, тек қазақ қана емес, жалпы түркі халқының мәдениеті мен халық ағарту саласына көп үлес қосты.

Сондықтанда биылғы түркітілдес елдерінде Темірбек Жүргенов жылы болып аталуы заңды құбылыс деп білемін.

Біз секілді тәуелсіз ел жастарына тау тұлғаның ғибратты ғұмыры үлгі-өнегеге толы.

Өз Отанына деген шексіз ықыласы мен кіршіксіз тазалығын насихаттауды мұрат еткен азаматтың өнегелі өмірі, еліне деген сүйіспеншілігі, бүгінгі ұрпақ біздер үшін Отанға қызмет етудің жарқын үлгісі болары хақ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: