Сәрсенбі, 16 шiлде, 22:39

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№52,2165
15.07.2025
PDF мұрағаты

Желі оқырмандары Ырысбала Икрамбайды тексеруді талап етуде

16.07.2025

107 0

Фото: әлеуметтік желіден

Перизат Қайратқа қатысты даулы жағдайдан кейін блогер Ырысбала Икрамбай да көпшілік назарында қалды. Әлеуметтік желі қолданушылары оның байлығының қайдан келгеніне күмән келтіріп, тексеруді талап етіп жатыр, – деп хабарлайды kznews.kz.

Блогерге қатысты сын пікірлер оның оқырмандары қойған сұрақтардан кейін өрши түскен. 

Қоғамда «Ырысбала да тексерілуі тиіс» деген ұсыныстар жиілей бастаған. Кейбір желі қолданушылары: «Ырысбаланы да тексеру керек. Үй салып жатыр, Дубайдан пәтер алды», – деп жазған.

Бұл пікірге Ырысбала Икрамбай өзінің парақшасында ашулы түрде жауап берді.

– Айналайындар, жәрдемақының өзін отбасындағы табысқа қарап берейін деп жатқан үкімет сендерге ақымақ емес қой. Егер 50 миллионнан астам қаржыға мүлік алсаң, банктегі есепшотың бұғатталады. Сосын кіріс көзіңді дәлелдеуге тура келеді. Декларация, салық, бәрі тексеріледі. Сендерсіз де бәрі бақылауда, – деді блогер.

Қазір әлеуметтік желілерде Ырысбала Икрамбайдың мүліктік жағдайы мен табыс көздері қызу талқыланып жатыр. Ресми органдар бұл мәселеге қатысты әзірге ешқандай түсініктеме берген жоқ.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: