Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 03:48

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Жемқорлардың заңсыз тапқан ақшасына мектептер салынады

31.10.2022

1133 0

Алдағы уақытта апатты жағдайдағы және үш ауысымды мектеп мәселесі толық шешілмек. Жаңа білім ошақтары жемқорлардың заңсыз тапқан қаржысына салынады. Қаражат қараша айында бөлінеді, деп хабарлады Хабар-24. 

Алматы, NEGE. Биыл еліміздегі мектептерде бала саны шамадан тыс артқан. Бүгінде 250 мыңнан астам орын тапшы. Ал алдағы 3 жылда бұл көрсеткіш бір млн дейін жетуі мүмкін. Түйткілді мәселені шешу үшін елде 2025 жылға дейін 800-ден астам оқу орнын салу жоспарланып отыр. Қазір Республикалық бюджеттен 2,5 триллион теңге бөлінді.

Алайда құрылыс саласының мамандары бұл қаражат жеткіліксіз деп отыр. Жер мәселесінен бөлек, қазіргі таңда құрылыс материалдарының да бағасы шарықтап кетті. Сондықтан қосымша субсидиялар қажет, дейді мамандар.

– Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша сыбайлас жемқорлардан алынған қаражат енді мектептер мен оларға қосымша құрылыстар салуға бағытталатын болады. Бүгінгі таңда республика бойынша 100 миллиард теңге туралы сөз болып отыр. Қаражат бөлу қараша айында басталады, – ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов.

Айта кетейік, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми дерегіне сүйенсек, биылғы 8 айда жалпы сомасы 500 миллиард теңге болатын мүлік, активтер мен қаражат мемлекетке қайтарылған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: