Сыбайлас жемкорлықпен күресу еліміздің бүгінгі күнгі күрделі мәселелерінің бірі болып отыр.Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елді алаңдататыны анық. Біз бүгінде мүлде жаңа қоғамда өмір сүріп жатырмыз. Жаңа қоғамның сипаты іскерлік болса, бұл жолда жетістіктеріміз де аз емес, дегенмен қоғам өмірінде түбегейлі шешімі табылмай тұрған мәселе ол – жемқорлық.
Елімізде осы мәселеге байланысты арнайы қабылданған заңдар да, атқарылып жатқан жұмыстарда баршылық, бірақ бұл мәселе әлі толық шешімін тапқан жоқ. Қоғамның барлық күш жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы жемқорлыққа тиімді түрде қарсы тұруға болады деп ойлаймыз. Яғни осы келеңсіз құбылыспен күресу барша халықтың алдында тұрған ортақ мәселе екені айқын. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек. Қалай деген күнде де жемқорлық жұрт жұдырықтай жұмылғанда ғана жеңіледі.
Осы тұрғыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы Заңының талаптарын басшылыққа алып «Қызылорда облысының мемлекеттік архиві КММ қоғамдық-саяси тарихы бойынша филиалында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаулар жасалып, архив мекемелерінде жоспарға сәйкес дөңгелек үстел мен құқықтық сабақтар өткізілуде. Қызметкерлердің жауапкершілігін одан әрі күшейтуге барынша күш салынып, қызмет этикасының талаптары басты назарда ұстап отырмыз. Сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен келіп түскен сұраныстар бойынша сапалы қызмет көрсетілуде.
Ә.БАСАНОВА,
«Қызылорда облысының мемлекеттік архиві КММ
қоғамдық-саяси тарихы бойынша филиалының
ІІ санатты архивисі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!