Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 05:49

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Жемқорлыққа жол бермеу мақсатында

22.02.2022

1240 0

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңы аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Заң талабына сәйкес, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында көптеген іс-шаралар, түрлі жұмыс атқарылып келеді. Архив саласының көрсететін мемлекеттік қызметі халық үшін қолжетімді болуы, оның сапалы орындалуы, атқарылған жұмыстардың жариялылығы – мемлекет тарапынан қойылып отырған талаптың бірі. Архив саласы жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті e-Архив порталы арқылы немесе халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы жүзеге асырып, сол негізде архив саласына хабарласқан әрбір тұлғаға түсіндірме жұмыстары үздіксіз жүргізіп келеді. Мұның өзі қарапайым халық мүддесін әлеуметтік қорғау, сыбайлас жемқорлық тұрғысындағы құқық бұзушылықтарға бой алдырмауына себеп болатын нәтижелі іс деп білеміз. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықтың алдын алып, қоғамға таралу жолдарын кесіп, оның ұлғаюына жол бермеу үшін, мемлекеттік қызметтің жауапкершілігін одан әрі дамыту, қызмет этикасының талаптарын сақтау архив басшылығының назарында екенін айта кетейік. Сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізу – мемлекеттік органдардың, мемлекеттік қызметкерлердің тұтастай қоғамның басты міндеті. Осы қағиданы үнемі есте сақтау, шынайы орындау арқылы қоғам дертінің жойылуына зор үлес қосатынымыз және халық сенімінен шығатынымыз анық.

А.МЫРЗАБАЕВА,

«Қызылорда облысының мемлекеттік архиві» КММ-нің қоғамдық-саяси тарихы бойынша филиалының ІІ санатты архивисі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: