Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы тапсырысымен «Сұңқар» ӘҚО» ҚҚ-ның ұйымдастыруымен Жалағаш, Сырдария аудандарының әкімшіліктері мен колледждерінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» «Жемқорлықсыз қоғамға қадам» тақырыптарында кездесу, мен семинар өткізілді.
Семинарды «Ақмешіт-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Жандос Тұсмағамбетов жүргізді. Семинар барысында тұрғындар арасында құқық бұзушылық, қылмыстылық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру түсіндірілді.
Шараларға бөлім басшылары мен кент, ауылдық округтердің мамандары және колледж оқытушылары мен бітіруші түлектері қатысты.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!