Мал шаруашылығымен айналысатын қазақстандықтарға жеңілдетілген несие беріледі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Мал шаруашылығында екі бағдарламаны іске қосу жоспарланып отыр. Бірінші, фермерлерге асыл тұқымды мал басын сатып алуға 5%-бен Аграрлық несиелік корпорация арқылы 6-7 жылға несие беру. Бюджеттен 50 млрд теңге қажеттілік бар. Қаржыландыру бөлу мәселесі пысықталуда.
Екінші, бордақылау алаңдары үшін айналым қаражатын толықтыруға 5%-бен қысқа мерзімге (15 ай) несие беру. Қажет қаржы – 50 млрд теңге. Бұл бағдарлама да Аграрлық несиелеу корпорациясы арқылы жүзеге асырылатын болады. Екі бағдарлама бойынша да қаржыландыру бөлу мәселесі заңнама талаптарына сәйкес пысықталуда, – делінген министрліктің ресми жауабында.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!